ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында тамыз конференциясы өтті.

Тамыз конференциясы - бұл жаңа істердің бастауы, тағы бір жылға созылған мектеп марафонының басталуын білдіретін білім берудегі өмірдің жаңа кезеңі.  

Дәстүр бойынша тамыз кеңесі басталмас бұрын қонақтар аудандық мәдениет үйінің фойесінде дайындалған ауданның білім беру мекемелерінің жетістіктері көрмесімен танысты.

Конференция жұмысына мектепке дейінгі, жалпы, орта және қосымша білім беру мекемелерінің педагогикалық және басшы қызметкерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, жас мамандар қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Ләззат Қонарбаева шақырылды.

Конференция барысында білім беру жүйесінің оқу жылындағы қызметінің нәтижелері талданып, алдағы жылға одан әрі даму векторлары анықталды.

«Тамыз конференциясы» көп қырлы іс-шара. Онда өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, алдағы жылға міндеттер қойылады. Бұл іс-шарада жас мұғалімдер жаңа әдістерді талқылап, өз тәжірибелерімен бөліседі. Ең бастысы, біз ауданның білім беру әлеуетін табысты іске асыру үшін жол табуымыз керек»,— деді жиналысты ашқан Бахыдбек Оспанбеков.

Жиналыста негізгі баяндамамен аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрар Қаратаев сөз сөйледі. Баяндама барысында ол барлығын өткен оқу жылының қорытындыларымен таныстырып, жаңа оқу жылына жұмыстың басым бағыттарын анықтады.

Конференция жұмысы аясында Жарлыкөл ауылының жалпы білім беретін мектебінің директоры Ерлан Жақыпов, Жаңаесіл ауылының жалпы білім беретін мектебінің ғылыми әдістеме ісінің орынбасары Гүлзада Қожабекова, Қажымұқан ауылының жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ағи Бейілханқызы баяндады.

Конференция соңында Білім саласының үздік қызметкерлерін алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапаттау рәсімі өтті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Bakhidbek Ospanbekov (@bakhidbek_ospanbekov)