Қазақстанда алаяқтармен күресу үшін ауыстыру нөмірлері бұғатталады

Қазақстанда алаяқтармен күресу үшін ауыстыру нөмірлері бұғатталады

4 тамызда Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов интернет-алаяқтықпен күрес бойынша бірқатар шараларды талқылады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Бағдат Мусин интернет пен телефон арқылы алаяқтық жасау жағдайлары артып келе жатқанын айтты. Егер 2016 жылы мың жағдай тіркелген болса, 2021 жылы – 21 мың.

Бүгінгі күні алаяқтар абоненттік нөмірлерді ауыстыру бойынша сервистерді, телефондарға қашықтан қол жеткізу үшін арнайы қосымшаларды пайдаланатын және өздерінің орналасқан жерін жасыратындығы қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр.

Біз байланыс операторларының рұқсат етілмеген трафикке қарсы өзара іс-қимыл схемасын әзірлеп, іске асырып жатырмыз. Бүгінгі таңда алаяқтармен күресудің тиімді әдістерінің бірі – ауыстыру нөмірлерін бұғаттау. Қыркүйек айының соңына дейін байланыс операторларымен бірлесіп, алаяқтар қоңырау шалатын бұл ауыстыру нөмірлері бұғатталады", – деді министр.

Бұдан басқа, ЦДИАӨМ телефон нөмірлері басқа тұлғаларға тіркелмейтін жағдайларды болдырмау үшін ұялы нөмірлерді тіркеу үшін биометриялық сәйкестендіруді енгізу мәселесі пысықталуда.