Аудан әкімінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтауы

Аудан әкімінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтауы

Құрметті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері мен қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Үш онжылдық ішінде Сіздер біздің мемлекетіміздің және оның азаматтарының қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын, оның конституциялық құрылысының мызғымастығын қамтамасыз етудесіздер.

Қазіргі заман жағдайларындағы жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге тап болған мемлекет үшін Сіздердің тәуекелді, күрделі де жауапты жұмыстарыңыз аса маңызды.

Сіздер тынымсыз жүргізіп отырған қылмысқа, терроризмге және экстремизмге қарсы күрес біздің азаматтарымызға өздерін қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді. Сіздердің қызметтеріңіз өздерінізден жоғары біліктілікті, табандылық пен батылдықты талап етеді. Осы қасиеттерді тәрбиелеуге, ұлттық қауіпсіздік органдарының даңқты дәстүрлерін сақтауға өздерінің бай тәжірибесін жас кадрларға беріп жүрген ардагерлеріміз көмектеседі. Сіздердің терең білімдеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз, іске берілгендеріңіз алдағы уақытта да біздің мемлекеттілігіміздің нығаюына, экономика мен әлеуметтік салада ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруға, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізетініне сенімдімін.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби өсу және халық пен ел игілігі жолындағы қиын қызметтеріңізде жаңа табыстар тілеймін!