ТЖМ «Казактелеком» АҚ-мен бірлесіп SMS-хабарламалар арқылы халықты хабарландырудың баламалы шешімін пысықтауда

ТЖМ «Казактелеком»  АҚ-мен бірлесіп SMS-хабарламалар арқылы халықты хабарландырудың баламалы шешімін пысықтауда

Нұр-сұлтан қаласында және Ақмола облысында «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп «Мобайл Телеком-Сервис» ұялы байланыс операторының базасында (Теле 2 байланысы) Cell Broadcast жүйесін өрістету бойынша пилоттық жоба іске асырылуда, ол азаматтардың ұялы телефондарына мәтіндік хабарламаларды (12-20 секунд ішінде) жедел таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл SMS-хабарламалар арқылы халықты хабардар етудің балама шешімі.

Жобаның мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлар (ауа райының нашарлауы, жолдардың жабылуы және т.б.) туралы халықты уақтылы хабардар ету болып табылады.

Бұл жүйе АҚШ, Жапония, Израиль, Голландия, Чили және Литвада өзін оң жағынан көрсетті.

2022 жылдың 14 шілдесінде Ақмола облысының Астрахан ауданында «шұғыл хабарландыру» хабарлама келетін жүйені сынақтан өткізу жоспарланған.