Целиноград ауданы әкімінің Ұлттық домбыра күнімен құттықтауы

Целиноград ауданы әкімінің Ұлттық домбыра күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Сіздерді шілденің бірінші жексенбісі - Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Домбыра – қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Домбыра- қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» - деп Жұбан Молдағалиев ақын айтқандай, домбыра десе «қазақ халқының» тарихы көрінгендей болады.

Төрт мың жылдай тарихы бар домбыраның қоңыр үні кім-кімді де тамсандырмай қоймайды. Бүгінде ол өзінің ерекшелігімен Гиннес рекордтар кітабына еніп, ЮНЕСКО-ның сертификатын алып үлгерді.

Ұлттық домбыра күні - қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күні биыл төртінші жыл елімізде кеңінен тойланып келеді.

Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Жамбыл, Біржан-сал сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыруда да бұл күннің алар орны ерекше.

Жоралы жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу да асу кезеңінен сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу ән-әуен құлағымыздан кетпесін, халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін!

Баршаңызды тағы да Ұлттық Домбыра күнімен құттықтай отырып, бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін.