2022 жылғы 31 мамырда Орталық референдум комиссиясы республикалық деңгейдегі кешенді оқыту семинарларын аяқтады.
Орталық референдум комиссиясының «Жастар және референдум» тақырыбындағы қорытынды семинары Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында гибридті, яғни оффлайн және онлайн форматта өтті.
Семинарға қатысушы мақсатты топ Нұр-Сұлтан қаласының республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитеттерінің өкілдері, сонымен қатар жоғары оқу орындары студенттері, магистранттары мен докторанттары. Іс-шараға 240 адам қатысты.
Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров семинарды аша отырып, референдум - тікелей демократияның маңызды институты және халықтың заң шығару ісіне тікелей араласу екенін тілге тиек етті.
ОРК Басшысы «Бұл жұртшылықтың, оның ішінде жастардың мемлекет үшін және әрбір жеке азамат үшін маңызды шешімдер қабылдауға қатысуының бір тәсілі» - деп атап өтті.
Нұрлан Әбдірова өз сөзінде республикалық референдумға дайындық пен оны өткізудің ерекшеліктері, өңірлерге шыққан сапарлардың қорытындылары, сондай-ақ азаматтарды ақпараттандыру бойынша ОРК тарапынан қабылданып отырған шаралар туралы баяндады.
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Республика Конституциясына енгізілетін негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.
Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Саргазин референдум өткізу кезінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндама жасады.
Сондай-ақ спикерлер сайлау процесіне, мемлекеттік басқару, заң шығару ісіне, құқықтық мәдениетті арттыруға, сондай-ақ халықаралық электораттық практикаға қатысты жастардың сауалдарына жауап берді.
Семинар қорытындысы бойынша жастар өкілдері ОРК басшылығына ұйымдастырылып отырған оқыту семинары үшін өз ризашылықтарын білдірді.