Құрметті жерлестер, мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті жерлестер, мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.Ал мәдениет қызметкерлері – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар. Сондықтан халыққа үздік мәдени қызмет көрсетіп жүрген мәдениет қызметкерлері мен сала ардагерлерін әрдайым мақтан етеміз.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – музей, кітапхана, театр, филармония, мәдениет үйлері қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар сала ардагерлерінің, жалпы өнер сүйер қауымның шығармашылық мерекесі. Сіздердің еңбектеріңіз қашанда халықтың көз алдында, елді ұлттық мәдениеттің қайнарына сусындатып, ондағы ең асылды көре білесіздер, адамдарға мереке және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайсыздар.

Барлық мемлекеттік мерекелер мен ұлттық мейрамдар – Сіздер үшін дағдылы жұмыс күндері. Еңбексүйгіштіктеріңіздің және шығар­ма­шы­лықтарыңыздың арқасында өңіріміздің мәдениеті жылдан жылға көркейіп келеді. Осы салада аянбай еңбек етіп, халықтың көңілінен шығып жүрген Сіздерге деген алғысымыз зор. Ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер!

Мерекелеріңіз құтты болсын! Кәсіби шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілеймін! Рухы биік халықтың руханиятына қосар үлестеріңіз қомақты, әр еңбек күндеріңіз сәтті, шығармашылық жетістіктерге толы болсын! Мәдениет пен өнеріміз өркендей берсін!

Алдағы уақытта да туған еліміздің мәдениеті мен өнерін өзгелерге дәріптеп, даңқын асқақтата берулеріңізге тілектеспін. Әрқашанда өнердің ақ туын берік ұстап, халыққа қызмет жасайтындарыңызға зор сенім білдіремін. Шығармашылық жаңа ізденістер, өнер жолында жаңа табыстар тілеймін!