Мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері

Мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері енгізіледі. Олардың бірі-рейтингтік-балдық жүйе қолданылатын конкурс. Сатып алудың бұл тәсілі мемлекеттік сатып алу процесіне адамның қатысуын толығымен алып тастауды көздейді және конкурстық комиссиясыз жүзеге асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл бөлісті.

Веб-портал әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде тиісті баллдарды беретін болады. Мысалы, жақсы беделге ие болғаны үшін (конкурстың нысанасына сәйкес жұмыс тәжірибесі (мектеп – мектеп), қаржылық тұрақтылықтың жоғары көрсеткіші, әлеуетті өнім беруші ұсынған кепілдіктің ұзақ мерзімі және т. б.) тиісті оң баллдар автоматты түрде берілетін болады. Беделі нашар болғаны үшін (бұдан бұрын әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болуы, мемлекеттік сатып алу туралы алдыңғы шарттар бойынша мерзімін өткізіп алу, тұрақсыздық айыбының болуы және т. б.) теріс балдар берілетін болады. 


«Осылайша, ең көп баллдардың негізінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде конкурс жеңімпазын анықтайды. Бұл баға мен сапа критерийлерін біріктіре отырып, өнім берушіні автоматты таңдауға көшуге мүмкіндік береді. 
Сапалы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсатында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурсы түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізіледі. Сатып алудың осы тәсілін жүзеге асыру кезінде өнім берушіні таңдау сатып алу (бастапқы) бағасының негізінде емес, тауардың бүкіл қызмет ету мерзімінің (өмірлік циклінің) құны негізінде жүзеге асырылатын болады.   
Бұл тәсілдеме сапалы және инновациялық өнімдерді сатып алуға ынталандыратын болады.Жеткізушіні төмен баға бойынша және өмірлік цикл құны бойынша таңдау арасындағы айырмашылық тендерлік құжаттаманы, бағалау критерийлерін әзірлеуді, өтінімдерді қарауды және оларды бағалауды қоса алғанда, сатып алу процесінің күрделілігіне байланысты», - деп атап өтті спикер.