АСҚАРБЕК ҮЙСІМБАЕВ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУДАҒЫ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

АСҚАРБЕК ҮЙСІМБАЕВ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУДАҒЫ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстан өңірлерінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары сайлаушылармен кездесулерін жалғастырып, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың республикалық референдумға шығарған прогрессивті конституциялық реформаларының маңыздылығы туралы айтып берді.

Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында Целиноград ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы республикалық партиялық штабының мүшесі Асқарбек Үйсімбаев келді.

Жұмыс сапары барысында мәжілісмен Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі мен Мәншүк ауылының тұрғындарымен кездесті.

Асқарбек Съезбекұлы атап өткендей, конституциялық реформа еліміздің Негізгі Заңы баптарының үштен бір бөлігіне түзетулер енгізуді қарастырады және кең ауқымды мәселелерді қозғайды. Бұл туралы айта келе, мәжілісмен Мемлекет басшысы өкілеттіктердің бір бөлігін басқа органдарға беретінін, бұл билікті орталықсыздандыру процесінің жалғасы екенін түсіндірді. Бұдан басқа, партиясыз қазақстандықтар Мәжіліске кіре алады, ал мәслихаттарға қалалар мен өңірлердің әкімдерін бұрынғысынша емес, бірнеше кандидаттан таңдау құқығы беріледі. Олармен қатар, азаматтардың өз құқықтары бұзылған жағдайда Конституциялық сотқа жүгінуге мүмкіндігі болады. Негізгі Заңда сондай-ақ жер және оның қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі, оларға меншік құқығын мемлекет өз атынан жүзеге асырады деген норманы жазу ұсынылады.

Целиноград ауданының сайлаушылары өз ұстанымдарын білдірді, мәжілісменмен еліміздің болашағы үшін түзетулердің перспективаларын талқылады және Мемлекет басшысының оларды Конституцияға енгізу жөніндегі бастамасын қолдады.