Үйлесімді жұмыс нәтижесінде Ақмола облысында жағымды эпидемиологиялық жағдай сақталуда

Үйлесімді жұмыс нәтижесінде Ақмола облысында жағымды эпидемиологиялық жағдай сақталуда

Ақмола облысында коронавирустық инфекцияға қарсы жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар, вакцинациялауға жататын халыққа екпе салуының артуы аймаққа 9 қарашада "сары" аймаққа өтуге және 20 күн бойы осы позицияда тұрақты тұруға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан егу науқаны басталғаннан бері ванкинаның  бірінші компонентін 307827 адам алды, бұл вакцинациялауға жататын жалпы халықтың 64,2%-ын құрайды, ал екінші компонентін 284377 адам алды, бұл вакцинациялауға жататын жалпы халықтың 59,3%-ын және бірінші компоненттің 92%-ын құрады.

Вакцинацияланғандар санатына бірінші кезекте медицина қызметкерлері, күш құрылымдарының қызметкерлері, полицейлер, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, созылмалы аурулары бар адамдар, педагогтер, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, медициналық-санитариялық мекемелердің қызметкерлері, студенттер кірді.

20 қарашадан бастап аймақтағы жалпы егу науқанына 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді (жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейін) және бала емізетін аналарды (босанғаннан кейін 42 күн) Pfizer шығарған Комирнати вакцинасын егу қосылды.

Дайындық ұйымдастырушылық және жоспарлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының арқасында 29 қарашадағы жағдай бойынша  вакцинациялауға жататын  618 адам егілді, оның ішінде 10 жүкті әйел, 110 бала емізетін ана, 498 жасөспірім бар. Вакцинацияланған жасөспірімдер арасында бірінші болып Көкшетау жоғары медициналық колледжінің 12 студенті болғанын атап өту қажет, олар ата-аналарының жазбаша келісімімен өз бастамаларымен үлгі көрсетіп, бүгінде өздерін жақсы сезінеді. Жалпы барлық вакцина салдырған адамдарда вакцинаға қолайсыз немесе күтілетін реакциялар тіркелмеген.

22 қарашада өңірде, бүкіл республикадағыдай, ревакцинация басталды, 8 күн ішінде 214 адам иммундық жүйені нығайтуға және өздерін қауіпті аурудан қорғауға шешім қабылдады. 185 адам QazVac, 24 адам Sinopharm, CoronaVac 3 адам, Спутник V вакцинасын 2 адам салдырды. Естеріңізге сала кетейік, ревакцинация айқаспалы түрде жүзеге асырылғаны абзал.  Векторлық (Спутник V) вакцинасын салдырғандар 9 айдан кейін инактивті вакцинамен егіледі (QazVac, Sinopharm); инактивті вакцинаны салдырғандар 6 айдан кейін кез-келген басқа векторлы вакцинасын салдырады, сонымен қатар ревакцинация кезінде алғаш салдырған вакцина түрін қолдануға да болады.

КВИ-дің ауыр ағымының қаупін азайтуға және оның ауыр асқынулары мен салдарларын болдырмауға мүмкіндік беретін вакцинацияға қатысушылардың көпшілігі оның қажеттілігін өзін қорғаудың және жақындары мен айналасындағыларды жұқтыру қаупінен қорғаудың жалғыз мүмкіндігі ретінде түсінеді. Бүгінгі таңда тағы 944 ата-ана келісім беріп, балаларын егуге дайын.

Сонымен қатар, облыстың 19 ауданының 7-і әлі күнге дейін «қызыл аймақта» тұр. Тәулік ішінде 75 жаңа жағдай тіркелді, олардың ішінде 31 зейнеткер, 8 оқушы, 345 адам стационарда жатыр, 34 адам реанимацияда.

Алдағы эпидемиологиялық жағдай барлық қажетті карантиндік шектеу шараларын қаншалықты сақтайтынымызға байланысты. Егер Сіз әлі вакцинацияланбаған болсаңыз, жақын арада шешім қабылдаңыз, өйткені бір уақытта және жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және бәрімізге тез арада әдеттегі өмір салтына оралуға мүмкіндік береді.

Өздеріңізге жұқтыру қауіпін төндірмеңіз, өздеріңіздің денсаулықтарыңызды сақтаңыздар.