Қырғыз Республикасының Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі мен Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының өкілдері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.
Үш күндік сапар барысында қонақтар Ақмола облысы Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс қағидаларымен танысты.
Мамандар мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету және жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдарды жұмыспен қамту саласындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында әріптестер халыққа әлеуметтік көмек көрсету механизмімен, жұмыссыздық мәселелерін шешумен, Мемлекеттік бағдарламалар мен жұмыспен қамтудың белсенді шараларының алгоритмімен бөлісті.