«Қыс-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде 2021 жылғы 12 қарашада Целиноград ауданының аумағында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді.
Оқу-жаттығу шеңберінде шұғыл ден қою жасағының дайындығы тексерілді.
Бұл іс-шараның мақсаты - қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар кезінде жол-пайдалану, арнайы және қосалқы техниканың авариялық-құтқару жұмыстарына дайындығын тексеру.
Температураның күрт төмендеуі жағдайында, ал жол-көлік оқиғасы көктайғақ салдарынан диаметрі 500 мм суағардың жарылуы орын алды, нәтижесінде жылу желілерінің магистральдық желісінде судың ағуы орын алады.
Сондай-ақ ЖКО барысында зардап шеккендер бар, шұғыл эвакуация қажет.
Ауа-райының нашарлауына, қатты боранға байланысты электр беру желілерінің мұздануы орын алып, кейіннен үзілді.
Жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелерінің тұрақсыз жұмысы халыққа қауіп төндіреді.
Оқу-жаттығуды өткізу барысында басқару органдарының, ТЖ жөніндегі комиссияның, ақ аудандық қызметтерінің, авариялық-құтқару қызметтері құралымдарының, ұйымдардың басшы құрамының, жұмысшылары мен қызметшілерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға әзірлігі пысықталды. Қызметтің алға қойған міндеттерін орындадық, оқу-жаттығу басшылығы аудан күштері мен құралдарының дайындығына оң баға берді.
View this post on Instagram