Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұлға-достық» қоғамдық қоры идеологиялық маңызы бар ауылдардың жетістігін көрсететін «Үздік 30 ауыл» жобасын жүзеге асырды.
Аталған жобаның мақсаты: үздік ауылдарды өзге ауылдарға үлгі-өнеге ету, ауылын көркейтуге үлес қосып отырған азаматтарды дәріптеу, кәсіпкер азаматтардың, жастардың назарын туған ауылына бұру.
Анықтамалық альбомының авторы ақын, философ Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Тұлға- достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан.
Еліміздің 14 облысын қамтыған «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомына Ақмола облысынан Целиноград ауданына қарасты Родина ауылының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігі енгізілді. Анықтамалықта ауыл жайлы мағұлматтар беріліп, суреттері қамтылған.
Бүгінде Родина ауылы Қазақстан Республикасының үлгілі, озық ауылдарының біріне айналды. Өткен жылы Родина ауылы бір жыл ішінде бірде-бір қылмыс болмаған Қазақстандағы ең қауіпсіз елді мекен болып танылды.
60 жыл ішінде ауыл әлеуметтік-экономикалық және ауылшаруашылық жағынан өркендеген елді мекендердің бірі болып табылады.
1994 жылы «Родина» совхозы пилоттық жоба бойынша жекешелендіріліп, Қазақстан Республикасындағы алғашқы жеке шаруашылық болды, ал Иван Адамович Сауэр оның басшысы болды. 2005 жылдың сәуір айында кооператив «Родина» Агрофирмасы ЖШС болып қайта құрылды.
«Родина» АФ» ЖШС жұмысының негізіне адамдар – қызметкерлер ұжымы және ауыл тұрғындары алдында жауапкершілік дәстүрі қаланған. «Адам игілігі үшін» принципі Иван Адамович Сауэрдің жұмысында да негіз болды.
Ауыл тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін Сауэр Иван Адамович барлық жағдайды жасайды.
Анықтамалықтың тұсаукесері 16 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Конституция» залында өтті. Тұсаукесерге еліміздің 14 облысынан анықтамалыққа ауылдары енген 30 ауылдың өкілдері, аудан, ауыл әкімдері қатынасты.