Аты-жөніңізді қалай өзгертуге болады?⠀

Аты-жөніңізді қалай өзгертуге болады?⠀

ҚР әрбір азаматы атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге құқылы. Оған кез-келген себеп болуы мүмкін: біреулер отбасылық жағдайына байланысты өзгертіп жатса, басқалары – жеке көңіл қалауымен.⠀Аты-жөніңізді, сонымен қатар азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу қызметін eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеп, уақытты үнемдеуге болады. Сондай-ақ, сіз бұл қызметті АХАЖ бөлімдері мен жергілікті әкімдіктер арқылы да рәсімдей аласыз.⠀Қажетті құжаттар тізімі:⠀

  • белгіленген үлгідегі өтініш;⠀
  • жеке басын куәландыратын құжат;⠀
  • 2 дана 3*4 өлшеміндегі фотосурет.⠀

Мелекеттік баж көлемі:⠀

  • аты-жөнін өзгертуді тіркеу – 2 АЕК ⠀
  • аты-жөнін өзгерту актісі жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге куәлігі үшін – 0,5 АЕК⠀

Қажет болған жағдайда АХАТ бөлімінің қызметкерлері қосымша құжаттар талап етуі мүмкін.⠀

⠀Жеңілдігі бар жекелеген санаттағы азаматтар мемлекеттік баж төлемінен босатылады. ⠀Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.⠀