Үйден шықпай-ақ неке қиюға қалай өтініш беруге болады?

Үйден шықпай-ақ неке қиюға қалай өтініш беруге болады?

Отбасылық байланыстарды құру - маңызды және жауапты қадам, оған барынша байыпты қарау керек. Егер екі ғашықтың қалауы сәйкес келсе, онда АХАТ-қа өтінімді eGov порталы арқылы онлайн беруге болады. Ол үшін өтініш беруші өтінімді толтырады және оған қол қояды. Сонан соң екінші Тарап 48 сағаттың ішінде өзінің жеке кабинетінде келісімді растауы тиіс. Бір тәулік ішінде болашақ жас жұбайлардың жеке кабинетіне некені тіркеу күні мен уақыты көрсетілген АХАТ-тан хабарлама келіп түседі.