Аудан әкімінің Құрылысшылар күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің Құрылысшылар күнімен құттықтауы

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрылысшы – қоғам өміріндегі маңызды мамандықтардың бірі, әрі бірегейі. Ауыл мен қаланың көркеюіне тікелей үлес қосатын, халықты әлеуметтік нысандармен қамтып, зәулім ғимараттар салатын – Сіздерсіздер.

Сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасында ауданымыз көркейіп, түрленуде. Жыл сайын аудан тұрғындарының жаңа үйде қоныс тойын тойлауы – Сіздердің жемісті жұмыстарыңыздың нәтижесі.

Биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Бұл – біздің республиканың басты мерекелерінің бірі. Осы уақыт ішінде еліміз барлық салада, соның ішінде құрылыста жемісті жетістіктерге жетті.

Мемлекет құрылыс индустриясын дамытуға және тұрғын үй құрылысын қолдауға аса назар аударады. Ал біздің ауданда құрылыс ерекше қарқынмен жүргізілуде. Биыл 123 мың шаршы метрден астам тұрғын үй халыққа пайдалануға берілді.

Құрылыс индустриясын қолдау әрқашан индустриялық саясаттың негізгі бағыттарының бірі болды және болып қала береді. Өйткені оның дамуы мен жетілуі бірқатар басқа салалардың қарқын алуына және көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етеді.

Құрметті құрылысшылар мен құрылыс саласының ардагерлері, жоғары кәсіби шеберліктеріңіз, адалдық, жанқиярлық және шығармашылық жұмыстарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!

Ізгі ниетпен, Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек ОСПАНБЕКОВ