ҚОЛӨНЕРШІЛЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫ

ҚОЛӨНЕРШІЛЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫ

2021 жылы 21 маусымда АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қолдау, дәстүрлі қолөнерді сыртқы нарықта жылжыту мен шығармашылық индустрияларды дамыту арқылы мәдени мұраны сақтау мақсатында Born Nomad бірлескен жобаның басталғанын хабарлайды.

«Born Nomad – Power Awards 2021» жобасының мақсаты:  Қазақстанның қолөнершілері мен шеберлерін жергілікті, АҚШ және халықаралық нарық пен аудиториядағы коммерциялық және ақпараттық экспозициямен қамтамасыз ету;  жастар арасында қазақ дәстүрлі қолөнері мен шеберлік тәсілдеріне деген қызығушылықты сақтап қалу, жандандыру мен ұлғайту; қолөнершілер мен шеберлердің коммерциялық мүмкіндіктерін кеңейту және оларға арналған табыс пен жұмыс орындарын құру мақсатында дизайн, сән, тоқыма, бейнелеу мен орындаушылық өнері сияқты өзге шығармашылық салаларының жасампаз мамандарымен ынтымақтасу мүмкіндігін тудыру.           

«Born Nomad – Power Awards 2021» байқауы келесі санаттар бойынша өтеді: 1.Дәстүр; 2.Жаңашылдық; 3.Әйел шебері; 4.Жас талант; 5.3D қолөнері; 6.Креативті коллаборация. Қатысушылар бірден бірнеше санатқа өтініш бере алады.

Әлеуметтік желі жазылмандарына арналған арнайы сый бар. Байқаудың қорытындысы мен нәтижелері қыркүйек айында жарияланады. 

Байқаудың қорытынды кезеңінде қатысушылар өздері туралы, өзінің жұмысы мен шығармашылығы туралы айтуға, кері байланыс пен ұсынылған өтінімдерге сыни талдау алуға, өз біліктіліктерін жоғарылату мен сұранысқа ие коммерциялық өнім құру, өткізу нарығын кеңейту жолдары жайында мәлімет алуға мүмкіндік алады. Қазылар алқасы байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін таңдап, жариялайды. Байқауға қатысу ақысыз.

Байқауға қатысу өтінімі келесі міндетті шарттардан тұрады:  

1. Atameken Academy веб-сайтында https://atameken.co/kk/course/69 сілтемесі арқылы «Қолөнер бренді және өнім» атты тегін оқыту курсына қатысу. Курсты тыңдағаннан кейін тестті сәтті тапсырған жағдайда Сізге ATAMEKEN ACADEMY және AIKA ALEMI сертификаты беріледі және сол веб-сайтының өзі арқылы өтінім мен барлық тиісті материалдарды жіберуге мүмкіндік ашылады.

2. Өзіңіз туралы орыс немесе қазақ тілдерінде 1-2 баспа бет көлемінде ақпарат. Жеке деректер: аты-жөніңіз, электрондық пошта, телефон нөмірі мен әлеуметтік желілердегі парақтар міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қатысқыңыз келетін санат(-тар) атауын көрсетіңіз.  

3. Дәстүр, Жаңашылдық, Әйел шебері мен Жас талант санаттары бойынша 3-тен 5-ке дейін көлемдегі туындылар эскиздері немесе фотосуреттер. 3D қолөнері санатында - 2 немесе одан да көп туындылар эскиздері немесе электронды файлдар.

Креативті коллаборация санатында  - шығармашылық туындыны жасау идеясын келесі кез келген формат негізінде ұсыну: мәтін, эскиз, көңіл-күй тақтасы, сюжеттік тақта, прототип, графикалық, аудио, фото, видео материал, өнер көрсету көрінісі немесе т.б. (еркін түрде).

Байқауға қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркелу: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSft6XU_iMwx7hMWN7vS09ddADwd6HIN64GqsSFWOyZdz24i2g/viewform?usp=sf_linkhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSft6XU_iMwx7hMWN7vS09ddADwd6HIN64GqsSFWOyZdz24i2g/viewform?usp=sf_link

Байқауға өтінімдер сертификат алынған жағдайда ғана 2021 ж. 31 тамыз, сағат 18:00-ге дейін https://atameken.co сайтына жүктелуі тиіс.

«BORN NOMAD POWER – AWARDS 2021» байқауына қатысуға қатысты барлық нақтылау сұрақтары бойынша электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: info.bornnomad@gmail.com