ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ЕГІС ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ЕГІС ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Отырысқа облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, аудан басшылығы, ауыл және ауылдық округ әкімдері, Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қыс мезгіліне жем дайындау, егіс жағдайы және егін жинауға дайындық мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Ақмола облысы бойынша жедел штаб төрағасы Ғалымжан Әбдіхалықов жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарында көзделген барлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, шөптің бағасын бақылау бойынша шаралар қабылдау, бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу жөнінде тапсырмалар берілді. Бұдан басқа, өз бетінше дайындау және сатып алу үшін мүмкіндігі жоқ халықтың әлеуметтік осал топтарын шөппен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауға алу қажет.