ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысып, бірден жергілікті жерлерде адамдарға кеңес берді.

Бүгін азаматтардың жеке қабылдауда 2 өтінішін қаралды. Сұрақтар жер телімін бөлуге және «Алтын Дала» ТК абаттандыруға қатысты болды.

Барлық айтылған мәселелер бойынша өтініш білдірген азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын ала 8-71651-30509 телефоны бойынша жазылуға болады.