ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ 15 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ӨТУДЕ

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ 15 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ӨТУДЕ

Целиноград ауданында бүгін, 25 шілдеде таңғы жетіде сайлау учаскелері ашылды. Ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы Мәншүк ауылында, Ақмол, Нұресіл, Оразақ, Шалқар және Приречный ауылдық округтерде өтуде. 10 мыңнан астам сайлаушы өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асыра алады.

Алғаш рет ауыл әкімдерін бұрынғыдай мәслихат депутаттары емес, тұрғындардың өздері таңдайды. Сонымен қатар, бюллетеньдерде «барлығына қарсы» деген жаңа баған пайда болды.

Сайлау учаскелері карантиндік талаптарды ескере отырып дайындалған. Міндетті талаптар – бетперде, қолғаптар және антисептиктер. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін еденге белгі қойылды.

Сайлау комиссияларының мүшелері коронавирустық инфекцияға қарсы егілді. Бақылаушылар теріс ПТР тестін ұсынды. Кіре берісте келушілердің температурасы өлшенеді.

Ауыл әкімі лауазымына 18 кандидат үміткер болып отыр: 6 – саяси партиялардан және 12 өзін-өзі ұсынушылар. Орташа бәсекелестік – бір орынға 3,34.

Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге 1 аумақтық және 15 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

Дауыс беру аяқталғаннан және дауыстарды санағаннан кейін сайлау қорытындылары үш күн ішінде шығарылуы тиіс. Сайлау өткізілгеннен кейін жеті күн ішінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді тіркейді, содан кейін ол өз өкілеттігіне кіреді.

Ауыл әкімдері төрт жылға сайланады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы айтқан болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 25 мамырда «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды.