Целиноград ауданы әкімі орынбасарының үндеуі

Целиноград ауданы әкімі орынбасарының үндеуі

Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары!

Біз сіздермен Астана маңындағы аумақта тұрамыз, көбісі Нұр-сұлтан қаласында жұмыс істейді.

Өкінішке орай, Елордада үнділік короновирус штаммы анықталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша короновирустың бұл штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда  жұқпалылығы 60% , қазіргі айналымдағы штамдар бір адамнан орта есеппен 3-4 адамға жұғатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.

Одан бөлек соңғы жағдайлар үнділік короновирус штаммының өте қауіпті екенін көрсетіп отыр.

Сондықтан, сіздерден өтініш ойланыңыздар!

Жақындарыңызды құтқарудың, өз өмірлеріңіз бен ата-анаңызды сақтаудың, пандемия салдарын жеңілдетудің жалғыз шешімі – жаппай вакцина алу.

Ұжымдық иммунитет бізге жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын мен ұйымдардың, мекемелердің қызметін сақтауға мүмкіндік береді.

Ауданда вакцина жеткілікті.

Қазақстандық, ресейлік, қытайлық вакцинаның түрлері бар.

Олардың бәрі зертханалық сынақтардан өткен, қауіпсіз, ешқандай асқынулар бермейді.

Вакциналардың репродуктивтілікке әсер етпейтінін айта кету керек.

Одан өзге, жүктілік кезінде асқынулар болмауы үшін жүктілікке дейін вакцина алу керек, өкінішке орай, мұндай фактілер де бар.

Қазір демалыс кезеңі.

Вакцина алу сізге ел ішінде де, басқа елдерге де қиындықсыз өтуге мүмкіндік береді.

Баршаңызды вакцина алуға және отбасыларыңызды, әріптестеріңізді, көршілеріңіз бен достарыңызды вакцина алуға шақырамыз.

Саулық тілей отырып, ізгі ниетпен Целиноград ауданының әкімдігі