ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУ АЯСЫНДА ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА «МЕНІҢ ОТАНЫМ - МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУ АЯСЫНДА ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА «МЕНІҢ ОТАНЫМ - МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Целиноград ауданында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған «Менің Отаным - менің Қазақстаным» сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің облыстық байқауы өтті.

Байқауға ауданның түкпір түкпірінен қолөнер шеберлері, ұсталар, тоқымашылар мен тігіншілер өз бұйымдарын көпшіліктің назарына ұсынды. Тері мен былғарыдан, ағаштан ойып жасалған халқымыздың тұрмыстық заттары, бедерленіп ою басылған түрлі көрпелер, сырмақ, текемет, сынды ұлттық нақыштағы бұйымдар мен картиналар, ұлттық аспаптар көрменің сәнін келтірді. Мұндай шаралардың басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді насихаттау,  шеберлердің жұмысын халық арасында таныту.

Көрмеге ауыл ауылдан 19 шебер қатысты. Олардың арасында шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздар мен кәсіпқой мамандар бар. Көрме барысында шеберлер арасында байқау ұйымдастырылды. Қазылар алқасы шеберлердің қолөнер бұйымдарының ерекшелігінің көрсетуіне, сонымен бірге бұйымдардың киіз, ағаш, былғары сынды табиғи заттардан жасалғанына көңіл бөлді.

Іс-шара соңында  Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұғыманов Ермек Бекенұлы бастаған әділқазылар мүшесі байқау қортындысын шығарды.

Бас жүлдені Қосшы ауылының тұрғыны, шебер ұста Асхат Бозымбай иеленді. Ұста  ағаштан ойып жасаудың техникасын шебер меңгерген, тері мен былғарыдан, күміспен көмкере отырып түрлі  бұйым жасайтын қолөнер шебері.

1-орынды Қосшы ауылының қолөнершісі түрлі домбыра, қобыз сынды аспаптармен қатар, ұлттық нақыштағы кәдесыйлар жасайтын Ділманов Нұржан, 2-орынды Қоянды ауылының намысын қорғап келген, текемет, сырмақтың бөлек, пластик, шишаны қолдана отырып түрлі бұйымдар жасайтын Бакшагүл Байдолда, 3-орынды ағаш ұстасы, Қаражар ауылың тұрғыны Жанатбек Хозыбай иеленді. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Көрмеге ұсынылған түрлі туындыларға тамашалай отырып,  «Ел іші - өнер кеніші» деп бекер айтылмаса керек. 

Асылында, кез келген ұлттық өнердің тірегі де, түп бастауы да халықтың өзі. Маңдайға біткен төлтума өнерді дәріптей білу, кейінге ұрпаққа көрсету, үйрету   - бұл Елбасы айтқан, ұлттық рухани тамырдан нәр алған  жаңғыру, ұлттық кодыңды сақтау. Іс шараның соңы мәдениет үйінің өнерпаздары ұсынған концерттік шараға ұласты.