Целиноград ауданының әкімі Б.Оспанбековтың Медицина қызметкерлері күнімен құттықтауы

Целиноград ауданының әкімі Б.Оспанбековтың Медицина қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті ақ халатты абзал жандар мен саналы ғұмырын медицина саласына арнаған ардақты ардагерлер!

Медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық екені баршаңызға белгілі. Бұл мамандық иесі – халықпен біте қайнасып қызмет жасайтын, қастерлі еңбек иесі. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні ретінде кеңінен атап өтіледі. Жанға дауа, дертке шипа, денге саулық сыйлайтын сол ардақты мамандық иелерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

«Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыздың сөзі бекер айтылмаған. Ауырсақ тәнімізді емдеп, жанымызға шипа сыйлайтын дәрігерлер құрмет тұтуға лайықты жандар. Олардың тәулік бойы көз ілмей, тәуекелге бел буып, тынымсыз кешетін тірлігін жанкештілік деп бағалау керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті Жолдауында дәрігерлердің мәртебесін көтеріп, мәселелерін шешу керектігін атап өткен болатын. Бұл мемлекеттің ел медицинасына көрсетер қолдауы зор екенін білдіреді. Өз кезегінде денсаулық сақтау мамандары да азаматтарға сауатты, сапалы қызмет көрсету керек екенін ұмытпағаны жөн.

Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Осы орайда дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің біліктілігі мен қайсарлығының арқасында еліміз әлемді жайлаған дертпен күресе білді.

Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары.

Ардақты дәрігерлер!

Қымбатты сала мамандары!

Бүгінде ауданымызда медицина саласына баса назар аударылып, заманауи үлгіде медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Мұның барлығы ел игілігіне арналған істер.

Төгілген маңдай тердің, жұмсалған күш қайраттың, танытқан төзімдеріңізге алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да халықтың ризашылығына бөленіп, ел өмірінің жақсаруына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспін!

Шипалы қолдарыңыздан емін тапқан азаматтар көп болсын! Сіздерге және жақындарыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

Мемлекетіміздің медицина саласына адал қызмет етіп, абыройлы болыңыздар!

Еліміздің бүгіні баянды, ертеңі нұрлы, келешегі келбетті болсын!

 

Ізгі ниетпен, Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбеков