Құрметті түлектер!

Құрметті түлектер!

Ақмола облысы Целиноград ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы сізді «ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ» бағдарламасына қатысуға шақырады.

Жастар тәжірибесі білім алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін білім беру ұйымдарының түлектері үшін ұйымдастырылады. Түлектер әртүрлі меншіктегі ұйымдарда жастар практикасынан өтеді. Мұндай ұйымдардағы тәжірибе жас маманның келешектегі мансабы үшін жақсы негіз болып табылады.

ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІ бұл:

мамандық бойынша жұмыс бастапқы тәжірибесін алуға мүмкіндік;

әрі қарай жұмысқа орналасуға мүмкіндік;

жастар арасында еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Жастар практикасына 29 жастан аспаған жұмыссыздар оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде жіберіледі.

Жастар тәжірибесінің ұзақтығы 6 ай.

Төлемі 25 АЕҚ= 72 925 теңгені құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалысты өтеуді, сондай-ақ банктік қызметтерді), ай сайын жұмыспен қамту орталығы жасайды.

Жастар тәжірибесіне қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

Қосымша ақпарат алу үшін Целиноград ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына, Ақмол ауылы, Бақыт ш/а, 12 (бірінші қабат) хабарласыңыз.

Тел.: +7 (71651) 30-586

E-mail: p2020@list.ru

Instagram   @centr_zanyatosti_naseleniya

Facebook   @Центр-занятости Целиноградский Район