ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІМЕН!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІМЕН!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі. Ұлттық бірлікті нығайтуға, қазақстандықтарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етеді. 1992 жылдың 4 маусымында тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Бүгінде республикамыздың рәміздері бүкіл әлемге танымал, еліміз үшін мақтаныш сезімін тудырады, әрқайсымызды Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

Мемлекеттік рәміздер кез-келген мемлекеттің азаматтары үшін, әсіресе жас ұрпақ үшін үлкен маңызға ие. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран – біздің ұлттық игілігіміз, ел тарихына, мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген терең құрмет көзі.

Қымбатты достар!

Барлықтарыңызды мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын! Аспанымыз қашанда көк туымыздай ашық болып, елдің мәртебесі қырандай биіктей берсін!

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!

Ізгі ниетпен, Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбеков