Целиноград ауданында рухани мұраны зерттеуге арналған экпедиция өз жұмысын бастады

Целиноград ауданында рухани мұраны зерттеуге арналған экпедиция өз жұмысын бастады

Бүгін Целиноград ауданы әкімдігінің кіші залында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» стратегиялық маңызы бар бағдарламасын, «Ұлы даланың  жеті қыры» атты мақаласын жүзеге асыру бағытында Целиноград ауданындағы тарихи-мәдени мұраны зерттеу жұмыстарына арналған  брифинг өтті.

Ақмола облыстық тарихи-өлкентану музейі «Сарыарқаның тарихи-мәдени мұрасы: ежелгі және ортағасырлық мәдениеттердің сабақтастығы» жобасы аясында аймақтағы музыкалық-этнографиялық кешендерін зерттеу бойынша экспедицияға шықпақ.

Іс-шарада ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» Ғылыми зерттеу институтының «Материалдық емес мәдени мұра» бөлімінің аға ғылыми қызметкері Мәулет Ардаби, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Байдильдина Жанар Еркінқызы, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сүйінжанова Айгүл Үкіметқызы, аудандық Мәдениет үйінің басшысы Айбасова Құттықыз Айдарханқызы мен мәдениет қызметкерлері, БАҚ өкілдері болды.

Музыкалық-этнографиялық экспедиция Целиноград ауданындағы материалдық емес мұраны зерттеп, зерделеп, қорға жинамақ. Целиноград ауданында 19 округ, 50 елді-мекен бар. Елді-мекендерде көненің көзіндей болған естілмеген, сыңсу, жарапазан сынды ұлттық мұралар жетерлік. Зерттеу жұмыстары Ақмол ауылынан бастау алып, экспедиция мүшелері тарихшы, этнографтармен кездесіп, болашақтағы жоспарды талқылады.

 

Даулетияр Даурия,

Целиноград ауданы Ішкі саясат бөлімінің маманы