Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары!

Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары!

Вакцинация - короновирустық инфекциясына қарсы жалғыз қорғану шарасы, аурудың ауыр түрлерін, асқыну қаупін азайтады.
Вирусқа қарсы вакцинаны алу арқылы ұзаққа созылатын иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік жасайсыз.
"Спутник V" ресейлік вакцинасын Эбола вакцинасын жасауға қатысқан және Африка елдерінде "шешек ауруын" жеңген әлемдегі жетекші ғалымдар жасағанына және Ковид 19 ға қарсы вакцина сынақтан сәтті өткендігіне назар аудару аса маңызды.
Короновирус инфекциясына қарсы вакцинация барлығына тегін жүргізіледі.
Вакцинация жасамас бұрын, әрбір адам вакцина құрамы туралы ақпарат беретін нұсқаулықпен танысуға құқылы.
Симптомсыз пациенттер инфекция көзі болып табылантының есте сақтаңыз. Бетперде тағуды, әлеуметтік қашықтықты, қол гигенасын және жөтелу этикасын сақтауды жалғастырыңыз.
Өзіңіз тіркелген емханаға хабарласып, алдың ала жазылу арқылы екпені қабылдауға мүмкіндігіңіз бар.
Вакцинациялаудан өтудің негізгі екі себебі бар: өзіңізді және жақындарыңызды қорғау.
Екпесіз ауырып қиналғанша, екпе алу арқылы вирусқа қарсы үлесіңізді қосыңыз.