Алғаш рет спортшы, жаттықтырушы, оқытушылар мен спорт төрешілерінің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен еліміздің спорт этикасы әзірленіп, бекітілді.
Бұл құжат Қазақстан Республикасының Заңына, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әзірленді және спортшылардың, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың және спорт төрешілерінің мінез-құлқының негізгі қағидаларын белгілейді.
Дене шынықтыру мен спорттың дамуы спортшының этикасын қалыптастыруға әкелді. Спорт этикасы спорттық моральдың ерекшеліктерін зерттейді, әлеуметтік мінез-құлық ережелерінің спорттық іс-әрекет саласында қалай жүзеге асырылатынын анықтайды, спорттық жекпе-жекте және оған дайындық кезінде көрінетін спортшылардың моральдық қатынастарын зерттейді. Спорт этикасы патриотизм, парыз бен жауапкершілік, достық және ұжымшылдық, ар-намыс пен абырой, әділеттілік және және өзін-өзі ұстау мәдениеті сияқты ұғымдарды қамтиды.
Спорттық этика әділ ойын, спорттық шеберлік пен ерікті қатысуға негізделген спорттың дәстүрлі негіздеріне нұқсан келтіретін қазіргі қоғамдағы қысымға қарсы тұру үшін қалыпты этикалық құрылымды қамтамасыз етеді.
Спорт этикасының мақсаты – әділ спорттық күрес, қазіргі қоғамдағы мінез-құлық пен іс-әрекеттің теріс көріністеріне қарсы тұру, спорттың негізін бұзатын - еріктілік, серіктестік және мүмкіндіктер теңдігі үшін жағдай жасау.
Спортпен кез-келген түрде қарым-қатынас жасайтын адам спорт этикасын білуге және сақтауға міндетті.
Спорт этикасына сәйкес спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болу жағдайларына жол бермейді.
Сондай-ақ, олар әділ ойын және адал спорттық жарыс қағидаттарын сақтауға, сот шешіміне құрметпен қарауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына, Туына, Гимніне, сондай-ақ спорт жарыстарына қатысушы елдердің мемлекеттік рәміздеріне ұқыпты және құрметпен қарау;
Спорт іс-шарасын жария ететін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жұмысына құрметпен қарау қажет.
Спортшылардың, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың және спорт төрешілерінің Қазақстан Республикасының беделіне немесе имиджіне теріс әсер ететін дөрекі сөздерді, балағат сөздерді және қорлау қимылдарын пайдалануына жол берілмейді.
Командада өзінің діни нанымдарын ашық көрсетуге және басқа адамдарды діни бірлестіктердің қызметіне, миссионерлік қызметпен айналысуға қатысуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының басшылары Спорт этикасы мәтінін дене шынықтыру-спорт ұйымдарында, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарында көрнекті жерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
Дене шынықтыру-спорт ұйымы жаттықтырушымен, жаттықтырушы-оқытушымен, төрешімен еңбек шартын және спорттық қызмет туралы шартты жасасқан күні, сондай-ақ спортшыны дене шынықтыру-спорт ұйымына қабылдаған күні оларды Спорт этикасы мәтінімен жазбаша нысанда таныстырады.
Бүгінгі күні спорт этикасы нормаларын бұзғаны үшін мәнерлеп сырғанау, биатлон, волейбол, таеквондо және басқа да спорт түрлері бойынша спортшылар жауапкершілікке тартылды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі барлық спорт өкілін, федерацияны, жаттықтырушыны, спортшыны спорт этикасы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша