Су тасқыны мен мұз сөгілу кезінде сол кезең аса қауіпті, бәріміз тәртіп сақтап, сақ болуымыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек.
Біздің облысымызда су тасқыны қар еріген кезде байқалады және өзендер мен көлдер суының деңгейі көтерілгеннен жер сумен басылады. Су тасқынынан елді мекендер, егін, коммуникациялар, соның ішінде су тарату жүйелері зардап шегеді.
Ақмола облысында сумен басылатын 35 елді мекен қауіпі жоғары аймақта, 52 елді мекен қауіпі орта аймақта. Аршалы ауданының 4, Атбасар ауданының 11, Астрахан ауданының 8, Целиноград ауданының 7, Бұланды ауданының 2, Сандықтау ауданының 2, Қорғалжын ауданының 1 елді мекені сумен басылатын қауіпі жоғары аймақтарда орналасқан.
2021 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне жол бермеу мақсатында Ақмола облысында арнайы штаб жұмысы ұйымдастырылды. Мынадай ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді: су тасқыны кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді және ауыз су сапасына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету бойынша 2021 жылғы 18 ақпандағы № 355 санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды.
Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті:
1. Ішуге және тамақ дайындауға тек шөлмектегі немесе қайнатылған суды пайдалануды;
2. Су басқан жерлерде бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеуді;
3. Шөлмектегі ауыз су қорын қамтамасыз ету және кеміргіштер қолы жетпейтін жерлерде жабық ыдыстарда сақтауды;
4. Азық-түлік қорын қамтамасыз ету, тасқын сулармен суланған тамақ өнімдерін пайдаланбау, бұл ретте жарамдылық мерзіміне назар аудару және кеміргіштер мен тасқын су жетпейтін жерлерде сақтауды;
5. Шикі көкөніс пен жемісті тамаққа пайдалану алдында мұқият жууды (содан кейін қайнаған сумен шаю қажет);
6. Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін және пісіру процесіндегі әрбір үзілістен кейін қолды сабынмен жууды;
7. Инфекциялық аурулардың белгілері болған кезде (қызба, жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, тамақтың ауыруы, бөртпе және т. б.) бұл туралы медицина қызметкеріне дереу хабарлау қажет;
8. Емдеу мекемесі жүргізетін медициналық тексеру кезінде жүрек айну, құсу, іштің өтуі, дене қызуы көтерілуі және аурудың басқа да пайда болған симптомдары шағымдарының болуын жасырмай, олар туралы медицина қызметкеріне міндетті түрде хабарлау керек;
9. Ауланы барлық қоқыстан тазартуды ;
10. Кеміргіштерді жою жөнінідегі жұмыстарды жүргізуді;
11. Су тасқынынан кейін барлық үй-жайларды дезинфекциялық ерітінділермен өңдеуді ұсынады.
Сұрақтар туындаған жағдайда
Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне мына телефон нөмірлеріне: 8 (7162)265588, 8 (7162)265590 және Департаменттің аумақтық басқармаларына:
Көкшетау қ.-26-67-88,
Степногорск қ.-8-716-45-6-20-85
Ақкөл-8-716-38-2-26-14
Аршалый- 8-716-38-2-04-65
Астрахан-8-716-41-2-20-54
Атбасар- 8-716-43-5-63-53
Бұланды- 8-716-46-2-26-87
Бурабай- 8-716-36-4-42-16
Біржан Сал- 8-716-39-2-20-71
Егіндікөл- 8-716-42-2-18-50
Ерейментау- 8-716-33-2-12-89
Есіл- 8-716-47-2-14-69
Жақсы- 8-716-35-2-10-78
Жарқайың - 8-716-48-4-02-29
Зеренді- 8-716-32-2-19-37
Қорғалжын - 8-716-37-2-20-02
Сандықтау - 8-716-40-9-13-54
Целиноград- 8-716-51-3-05-72
Шортанды- 8-716-31-2-16-59