Целиноград ауданы әкімінің 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Целиноград ауданы әкімінің 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

8 наурыз - бұл көктемнің символы ғана емес, бұл барлық әйелдерге олардың назары, қамқорлығы мен сүйіспеншілігі үшін тағы да ризашылық білдіруге мүмкіндік береді.Бұл күні әйелдердің атына таңданыс, ризашылық және алғыс сөздері айтылады, өйткені сіздер әйелдер, бірлік пен өзара түсіністікті қолдай отырып, отбасылық ошақтың сақтаушысы болып табыласыздар. Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктелген және сіздер әрқашан өзгелерге түсіністікпен қарап, кеңес беру және мейірімділік көрсету арқылы жеткілікті жылулық таба аласыздар.

Тәуелсіздік алған күннен бастап елімізде әйелдердің қоғамдағы рөліне ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде әйелдер біздің қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да салаларына белсене қатысып, тәуелсіз мемлекетіміздің қуатын арттыруға өз үлестерін қосуда. Мұның бәрі Сіздер үшін мақтаныш сезімін тудырады және сонымен бірге үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Біз айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен әйелдерге, еңбек ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, ауданыздың алғашқы құрылысшы әйелдеріне ерекше алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қайсарлықтарыңыз, еңбексүйгіштік пен патриотизмдеріңіз, жасампаздық белсенділіктеріңіз, шығармашылық энергияларыңыз болашақ ұрпақ үшін жарқын үлгі болып табылады.

Қымбатты аналар! Аяулы асыл жандар!

Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік пен келісім орнасын! Бақыт, денсаулық, амандық, кез-келген жағдайда төтеп бере алатындай  таусылмас күш-жігер тілеймін! Аруларымыздың жүздерінен әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтары мен жүректерінің мәрттігі сөнбесін!

Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбеков