ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, Целиноград ауданында Аналар кеңесінің форумы өтті. Форум жұмысына Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбеков қатысты.

Іс-шара барысында Целиноград ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Зәуре Какабаева өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы айтып, Аналар кеңесінің болашақ жоспарларын талқылады.

Кездесуде сөз алған аудан әкімі Бахыдбек Оспанбеков әйелдердің ұлттық бірегейлікті, тәуелсіз ұлтты, егемен және тәуелсіз мемлекетті қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

Іс-шара барысында Бахыдбек Амантайұлы әйелдерді келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, аналар кеңесінің бірқатар мүшелерін «Ауыл еңбегі үшін» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапаттады.

Іс-шара, жылы достық атмосферада тәтті тағамдармен мерекелік шай ішумен аяқталды.

Ауданымыздың Аналар кеңесі 2018 жылдан бастап жұмыс істейді және осы кезең ішінде Ананың рухани және тәрбиелік рөлі арқылы қоғамдық келісімді нығайтуға өз үлесін қосады. Бүгінде ауданда «Алтын алқа», «Күміс алқа», 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен және «Батыр ана» атағымен марапатталған 683 көп балалы ана тұрып, еңбек етуде.

Биыл біз маңызды тарихи датаны – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, тұрақтылық пен келісім - ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бүгінгі таңда өмірдегі ең маңызды нәрсе - бұл отбасы, ең жақын адамдар, балалар, оларға деген сүйіспеншілік сезімі. Адамның өмірі отбасынан басталады, мұнда оның азамат ретінде қалыптасуы жүреді. Отбасы - бұл махаббат, құрмет, ынтымақтастық пен сүйіспеншіліктің қайнар көзі, кез-келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды.