ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбековтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. Талқылау тақырыбы алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық, сондай-ақ «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу болды.

Отырысқа ауылдық округ әкімдері, қызметтердің, ведомстволар мен ұйымдардың, халықтың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты өкілдері, экономика және әлеуметтік инфрақұрылым объектілері қатысты.

Тасқын суларды апатсыз өткізу және Целиноград ауданының аумағын 2021 жылдың көктемгі кезеңіне дайындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Арман Нұркенов баяндама жасады.

Осылайша, Целиноград ауданы бойынша су тасқыны кезеңінің өтуі кезінде қауіп аймағына кіретін 30 елді мекен анықталды.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Целиноград ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жеке құрамның 97 адамын, 16 бірлік техниканы, 3 бірлік моторлы қайықтар, 20 тасымалданатын және 2 тіркемелі мотопомпаларды жібереді.

Өзендердің қауіпті учаскелеріндегі судың жай-күйі мен деңгейіне мониторинг жүргізу үшін Қазгидромет гидробекеттерінен басқа 6 қосымша бақылау бекеттерінің (Р.Қошқарбаев көпірі, Преображенск су торабы, Тайтөбе ауылы, Шалқар көпірі, Талапкер ауылының көпірі, Жаңаесіл көпірі) тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыру жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Нұра және Есіл өзендерінің жайылмаларында 5760 м2 алаңда мұз жабынын әлсірету және мұз кептелісін жою бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Жаңаесіл, Талапкер, Ақмол, Оразақ, Р.Қошқарбаев, Қосшы, Қоянды, Қараөткел ауылдарында эвакуацияланған тұрғындарды қабылдау үшін эвакуациялық қабылдау пункттерi дайындалды.

Одан әрі техниканың, инертті материалдардың және ЖЖМ қорының дайындығы туралы Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қанат Ағзамұлы хабардар етті.

2020 жылдың жазғы-күзгі кезеңінде елді мекендердің инженерлік қорғау жоспарының тармақтарын орындау бойынша жұмыстар жүргізілді, онда Целиноград ауданының аумағында іске асырылатын 5 пункт көзделген, барлық жұмыстар белгіленген мерзімдер мен жоспарланған көлемдерге сәйкес аяқталды, жалпы алғанда 3600 метр қорғаныш біліктері салынды, 2 000 метр қорғаныш біліктері нығайтылды және ұлғайтылды, 1 000 метр су өткізу арналары жайластырылды, 1 гидротехникалық құрылыс транзиттік режимге ауыстырылды.

Қажет болған жағдайда көктемгі кезеңдегі ТЖ жоюға тартылатын, саны 51 адамды құрайтын коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінің қатарынан шұғыл ден қою жасағы, сондай-ақ саны 53 бірлік коммуналдық техника тұрақты дайындыққа келтірілді.

Су тасқынының алдын алу мақсатында бүгінгі күні ауданда елді мекендерден қар шығару бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда 16 мың текше метрден астам қар шығарылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Аудандық бюджетте су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін қаражат қарастырылған. Бүгінгі таңда ЖЖМ, қаптар, целлофан (клеенка), өрт жеңдері (диаметрі 150 мм) сатып алынды. Сондай-ақ бұл қаражатқа қорғаныс бөгеттерін нығайту, жарылыс жұмыстарын жүргізу, сорғыларды, өрт жеңдеріне арналған бастиектер мен қамыттарды сатып алу көзделген.

Сонымен қатар, Талапкер және Қараөткел ауылдық округтерінің әкімдері, «Қазсушар» ШЖҚ РМК Ақмола филиалы директорының орынбасары Сайран Қазезтаев, «Жасыл Аймақ» РМК Бас директорының орынбасары Әділхан Әбілдинов, «Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов сөз сөйлеп, өздерінің аумақтық учаскелеріндегі жағдайдың жай-күйі, су тасқынының алдын ала болжамы, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі және т. б. туралы баяндады.

Отырыс барысында бірқатар мәселелер, соның ішінде су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жергілікті халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша мәселелер талқыланды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға және барлық жұмылдырылған қызметтерге төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған нақты тапсырмалар берілді.