ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА «ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР МАРАФОНЫ» ЖАЛҒАСУДА

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА «ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР МАРАФОНЫ» ЖАЛҒАСУДА

Биылғы қыста өңірімізде қар нормадан екі есе артық түсті, оны жалғызбасты, қарияларға қар тазалау қиын. Арайлы ауылының жас еріктілері «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрғын үйлердің аумағын қардан тазарту түрінде көмек көрсетті.

Үлкендерге қамқорлық жасау, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру және жастарға патриоттық тәрбие беру еліміздің табысты дамуының кепілі болып табылады.

#ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ қосыл!