Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Жеке тасымалдау - бұл халық арасында табыстың өте танымал түрі. Бірақ, кез-келген басқа табыс сияқты, ол заңды болуы керек. Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыру үшін, Сізге дара кәсіпкер ретінде тіркелу қажет. Мұны салық органдарында тіркелген жерде жасауға болады.

Әрі қарай «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 26-бабы негізінде, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар такси тасымалдаушысы ретінде қызметін жүзеге асыруды бастар алдында, жергілікті атқарушы органға қызметінің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті. Хабарламаны ЭЦҚ болған жағдайда электрондық лицензиялау порталының көмегімен онлайн режимінде жіберуге болады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463 – бабына сәйкес, кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз, рұқсатсыз айналысу, сол сияқты тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу міндетті болған жағдайларда хабарлама жібермеу, жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде, бір жыл ішінде қайталап бұзған кезде-30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары, бұл жағдайда автокөлік.