1950 жылғы 27 ақпанда Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарында «халықаралық үкіметтік емес ұйым» ұғымы енгізілді, бұл адамзат үшін маңызды міндеттерді шешудегі азаматтық қоғамның рөлін тануды білдіреді.
27 ақпанды Дүниежүзілік ҮЕҰ күні ретінде атап өту бастамасы 2010 жылы Балтық елдерінің ҮЕҰ IX форумында ұсынылды. Дүниежүзілік ҮЕҰ күні халықаралық деңгейде алғаш рет 2014 жылғы 27 ақпанда Хельсинкиде (Финляндия) аталып өтті.
Тәуелсіздіктің маңызды жетістіктерінің бірі үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби, белсенді және тәуелсіз қоғамдастығының қалыптасуы болып табылады. Соңғы 30 жылда үкіметтік емес ұйымдар желісі 100-ден 22 мыңға дейін өсті.
2020 жылы Президенттің Жарлығымен ұзақ мерзімді перспективада азаматтық секторды дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын жаңа стратегиялық құжат — Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту Тұжырымдамасы бекітілді.
Азаматтық бастамаларды мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдары: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру, ҮЕҰ үшін сыйақы арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған қоғамдық ұйымдармен бірлескен әлеуметтік жобалар іске асырылуда.