Целиноград ауданының талапкерлеріне

Целиноград ауданының  талапкерлеріне

Целиноград ауданы Ақмол ауылының №22 өрт сөндіру бөлімі Сіздерді Көкшетау техникалық институтына түсуге  шақырады. Өйткені  институт «Өрт қауыпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Азматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері» мамандығы бойынша білікті офицерлерді даярлайтын жоғары оқу орны болып табылады, ол төтенше жағдайлар органдары мен бөлімшалерінде қызмет ету үшін әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда міндеттерді шешуге қабілеті жоғары моральдық және іскерлік қасиеттерге ие.

Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша əскери қызметке жəне оқуға жарамды Қазақстан Респу блик асының азаматтары қабылданады. Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қорытындылары сертификатының балдарына сəйкес жүргізіледі. Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:

бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ нəтижесі бойынша іріктеу жүргізеді.

екінші кезеңде медециналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі.

үшінші кезеңде талапкерлер бекітілген номативтерге сәйкес денешынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады:

бағанада тартылу, 100 м жүгіру, 1000 м жүгіру

төртінші кезеңде қабылдау комиссиясы сайыстық іріктеу жəне Институт курсанттары қатарына қабылдайды, сонымен қатар шет елдердің бейінді оқу орындарына түсуге іріктеу жасайды. Институтқа түсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің кадр саясаты бөлімшелеріне өтініш (ерікті түрінде) береді.

ИНСТИТУТТА ОҚУ ШАРТТАРЫ:

Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар каникулярлық демалыс кезіндегі жол ақысы төленеді. Институттың күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты əскери қызметті өтеу уақытына теңеледі

Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша  Целиноград ауданы Ақмол ауылының №22 өрт сөндіру бөліміне жүгінуіңізге болады.

Байланыс нөмірлері: 8(71651) 30-9-77, 8705-112-77-57, 8775-412-45-70