Былғары және оған жататын өнімдер өндірісінің көлемі 3,7 есе өсті.
Былғары аяқ киім өндірісі 2020 жылы 250,5 мың жұпты құрады, 2019 жылға қарағанда 3,6 есе өсті. Саланың негізгі кәсіпорны – «Самхат» аяқ киім фабрикасы» ЖШС (@shoes.samhat.kz) Ақмола облысының Целиноград ауданында орналасқан.
Айта кетейік, кәсіпорын 2008 жылы Ақмола облысының Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында іске қосылды. Өндіріс қуаты жылына 500 мың жұп аяқ киім шығарады. Аяқ киім өндірісінде табиғи былғары, экологиялық таза материалдар мен отандық және импорттық өндірістің құрамдас бөліктері қолданылады.