ТҰРМЫСТА ТАБИҒИ ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА

ТҰРМЫСТА ТАБИҒИ ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА

Тұрмыста  газ қолданушы тұрғындар міндетті:

1. Газ құралдарының, мұржалардың және де желдеткіштердің жұмыстарын қадағалап отыру, газ құралдарын қосқан кезде түтіннің  мұржа арқылы тартылуын тексеру. Газбен жұмыс істейтін пештерді қосар алдында шибердің толық ашылғандығын тексеру, мұржаның «қалтасын» әр уақыт тазалап отыру.

2. Газ қолданғаннан кейін газ құралдарының крандарын жабу, ал егер газ баллондары ас үйдің ішінде болған жағдайда, баллондардың вентилін қосымша жабу.

3. Газ құралдарында  ақау болғанда  газ шаруашылығы мекемесінің қызметкерін шақыру.

4. Газ беру күтпеген жағдайда тоқтап қалса, тез арада газ құралдарының крандарын жауып, 104 телефоны арқылы апаттық газ  қызметінің мамандарын  шақыру.

5. Пәтерде газ исі байқалған жағдайда тез арада газ құралдарын пайдалануды тоқтату, крандарды жабу, терезе немесе желдеткішті ашып, бөлмені желдету, 104 телефоны арқылы газ шаруашылығының апаттық  газ  қызметінің   маманын  шақырып, газданбаған  бөлмеден телефон соғу керек. От жағуға, темекі шегуге, электр қосқыш­тарын,  электр құралдарын және де электр қоңырауын қосуға болмайды.

6. Жертөледе, кіреберіс пен  мен аулада газ исі сезілген жағдайда?

–       айналаңыздағыларға қауіпсіздік ережелерін сақтауға хабар беру.

–       газ жоқ жерден 104 телефоны арқылы газ қызметін шақыру.

–       газ қызметкерлері келгенше газ исі шыққан жерлерден тұрғындарды шығарып, электр құралдарын қосқызбауға жағдай жасау, жайларды желдетуді ұйымдастыру.

7. Газ құбырларын және газ қондырғыларын тексеру және жөндеу үшін пәтеріңізге газ   шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерін қызмет куәлігін көрсеткен жағдайда ғана тәуліктің кез келген уақытында кіргізу.

8. Бір айдан көп мерзімге  пәтерден кеткен кезде газ шаруашылығы мекемесіне хабар беру.

9. Жекеменшіктегі үйлер мен пәтер иелері газ қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және мұржалар мен желдету каналдарын тазалауға уақтылы келісімшарт жасалуы қажет. Қыс айларында мұржаның ұшар басына мұз қатып және бітеліп қалуын әр уақыт тексеріп отыру керек.

Тұрғындарға тыйым салынады:

1.Үйді (пәтерді, бау-бақша үйін) өз бетінше газдандыруға, құралдарының орнын ауыстыруға, газ құралдарын, баллондарын және жабу құралдарын жөндеуге.

2. Газ құралдары орнатылған бөлмелерді қайта құруға, жауапты ұйымдарының келісімінсіз жылытылатын  бөлмелердің ауданын өзгертуге.

3. Газ құралдарының құрылғыларына өзгерістер енгізуге. Түтін шығу және желдету жүйелерінің құрылысын өзгертуге, желдету каналдарын жауып тастауға, түтін шығу жолдарын тазалайтын люктерді, «қалталарды» жауып тастауға.

4. Қауіпсіздік және реттеу автоматикасын өшіруге. Ақаулы газ құралдарымен, автоматикамен, арматурамен және газ баллондарымен газ қолдануға, әсіресе, газ исі шыққан кезде.

5. Газ пештерін мұржалардың қалауы, сылағының тығыздығы өзгерген кезде пайдалануға (жарықтар пайда болғанда). Өз бетінше мұржаларды және су жылытқыштың түтін шығару құбырларында қосымша шиберлер орнатуға.

6.Газ шаруашылығының қауіпсіздік ереже­лерінде көрсетілген мерзімдерде мұржалар мен желдету каналдарын тазалау жұмыстары жүр­гізілмеген жағдайда.

7. Желдеткіштер, жалюздер және желдеткіш каналдар жабық болған жағдайда, мұржаларда, желдету каналдарында және ванна бөлмесіндегі есік астында  қуыс тарту болмаған жағдайда газ құралдарын қолдануға.

8. Жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдыруға (үздіксіз жұмыс істейтін және бұған сәйкес автоматика орнатылған құралдарды есептемегенде).

9. Мектеп жасына дейінгі балаларды, өз іс-қимылына жауап бере алмайтындарды және де бұл құралдарды қолдану ережелерін білмейтіндерді  пайдалануға жіберуге.

10. Газ және газ құралдарын қызметіне сай емес пайдалануға. Газ плитасымен үй жылытуға.

11. Газ құралдары тұрған  бөлмені демалыс және ұйқыға пайдалануға.

12. Газ шыққан жерді жанып тұрған отпен тексеруге (бұл мақсатта сабын көбігі немесе арнаулы құралдар қолданылады).

13.Газ қондырғыларын бұзуға және газ ұрлауға жол беруге болмайды.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! 

Газ ауамен қосылғанда,    жарылу және өрт қаупі бар!

Газ толық  жанбаған кезде, оның жанған өнімдерінен адам ағзасын улайтын иісті  газ бөлінеді! 

Газ  қолдану ережелерін бұзған кезде сіз тек қана өзіңізге ғана емес,  басқаларға  да қауіп төндіресіз!

Целиноград ауданының ТЖБ