АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбеков алдын ала жазылу бойынша азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. 

Бірінші өтініш беруші мемлекеттік қордан тұрғын үй беру мәселесі бойынша жүгінді.

Жеке кәсіпкерлер Қажымұқан ауылында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында спорт кешенін салу туралы ұсыныспен жүгінді.

Ақмол ауылындағы тұрғын үйдің тұрғындары қабылдауға пәтерлердегі жылудың жоқтығына шағыммен келді. Аудан әкімі ауылдық округ әкіміне ТКШ бөлімімен бірлесіп комиссия құрып, үйді тексеруді тапсырды.

Екі өтініш жер мәселесі бойынша болды.

Бахыдбек Оспанбеков келіп түскен өтініштердің барлығына нақты да толық жауаптар қайтарды. Барлық өтініш білдірушілерге көңіл бөлініп, тиісті көмек көрсетілді,  айтылған мәселелер бойынша келушілерге қолданыстағы заңнама аясында толық түсініктемелер берілді.