Целиноград ауданының қымыз өндірушілері халықаралық фестивальде қос жүлдеге ие болды

 Целиноград ауданының қымыз өндірушілері халықаралық фестивальде қос жүлдеге ие болды

Целиноград ауданының қымыз өндірушілері «BaiQymyz–2026» халықаралық гастрономиялық фестивалінде жоғары нәтиже көрсетіп, екі бірдей жүлдені иеленді.

Байқау қорытындысы бойынша «Saryarqanyn Saf Qymyzy» Күміс жүлдеге ие болса, «Bizdin Qymyz» кәсіпорны «Алтын күбі» арнайы марапатына лайық деп танылды.

Бұл – ауданымызда ұлттық өнім өндірісінің қарқынды дамып, қымыз жасаудың озық дәстүрі мен жоғары сапасының халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!