
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 13 шілде, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы
2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2026 жылғы 26 маусымдағы №556 ҚР Үкіметінің қабылданған Қаулысын түсіндіру мақсатында «Рәміздер рухы – Конституция күші» тақырыбында республикалық конференциясы өтеді.
Конференция барысында мемлекеттік рәміздер саласындағы нормативтік құқықтық актісіне енгізілген толықтыруларды түсіндіру және 2027 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 35 жылдығын мерекелеу және ұйымдастыру» бойынша Үкімет деңгейінде бекітілетін тұжырымдаманы талқылау көзделуде.
Шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия мүшелері, мәдениет және қоғам қайраткерлері, тарих және филология ғылымдарының докторлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті органның (облыс және республикалық маңызы бар қалалардағы) жауапты қызметкерлерінің қатысуы күтілуде.