
Ақмола облысының әкімдігінде өңір басшысы Марат Ахметжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне орайластырылған актив отырысы өтті.
Отырыс барысында қатысушылар жаңа Конституцияның маңызын, оның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі, заң үстемдігі принциптерін нығайтудағы, азаматтық қоғамды дамытудағы және конституциялық нормаларды іс жүзінде жүзеге асырудағы рөлін талқылады.
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов конституциялық реформаны дайындаудың негізгі кезеңдері, Жаңа Конституцияның басты ережелері және қабылданған өзгерістердің елдің алдағы дамуы үшін маңызы туралы баяндады.
Тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы және мәдени мұраны қорғау принциптерінің маңызы туралы мәдениет қайраткері Құралай Ыдырысова айтып берді. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының міндетін атқарушы Ардақ Қапышев құқықтық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы жоғары оқу орындарының рөлі жайында сөз қозғады.
Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Жаңа Конституциясының Мемлекет басшысының қолы қойылған арнайы даналары облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіповке, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Қабдуали Құлышевқа табыс етілді. Үшінші данасы «Родина» агрофирмасының жетекшісі Иван Сауэрге табысталмақ.