Дарын Сабырғалиұлы: «Жаңа Конституция — әділетті қоғамның берік іргетасы»

Дарын Сабырғалиұлы: «Жаңа Конституция — әділетті қоғамның берік іргетасы»

Бүгін, 1 шілде – республикалық референдум нәтижесінде қабылданған Жаңа Конституцияның заңды күшіне енген тарихи күн. Осы айтулы күнмен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Ата Заңымыз – мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын, демократиялық құндылықтарымызды баянды ететін басты құжат. Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту, білім мен ғылымды қолдау, ұлттық мұрамызды сақтап, отбасылық құндылықтарды нығайту сынды өзекті бағыттар айқын көрсетілген. Бұл – еліміздің жаңа даму кезеңіне қадам басқанын білдіреді.

Біздің алдымыздағы басты міндет – Жаңа Конституцияның қағидаттарын күнделікті ісімізде басшылыққа ала отырып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру. Әрбір өзгерістің түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру және әділетті қоғам қалыптастыру. Ортақ мүдде жолындағы адал еңбегіміз бен бірлігіміз еліміздің жарқын болашағының кепілі.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік, мемлекетіміздің болашағы баянды болсын!

Құрметпен,
Целиноград ауданының әкімі
Дарын Сабырғалиұлы