Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Журналистика – қоғам мен билік арасындағы сенімді көпір, ел өміріндегі маңызды оқиғалардың шынайы шежіресін қалыптастыратын жауапты сала. Сіздер уақытпен санаспай еңбек етіп, жұртшылыққа жедел әрі нақты ақпарат ұсынып, қоғамдық пікірдің қалыптасуына және ел бірлігінің нығаюына зор үлес қосып келесіздер.

Бүгінде ақпараттық кеңістіктің қарқынды дамуы жағдайында бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, азаматтық ұстанымдарыңыз бен адал еңбектеріңіздің арқасында қоғамдағы өзекті мәселелер кеңінен жарияланып, халық пен билік арасындағы ашық әрі тиімді байланыс нығаюда.

Целиноград ауданында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық жобалар, инфрақұрылымдық бастамалар, мәдени және қоғамдық іс-шаралар туралы тұрғындарды жан-жақты ақпараттандыруда сіздердің еңбектеріңіз ерекше. Ауданымыздың тыныс-тіршілігін кеңінен насихаттап, өңірдің оң дамуына қосып жүрген үлестеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге қоғам игілігі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын.

Мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!

Құрметпен,

Целиноград ауданының әкімі
Дарын Сабырғалиұлы