
Талапкер ауылында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Игі іске ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жастар белсене атсалысты.
Шараға аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлы арнайы қатысып, тұрғындармен бірге сенбілік жұмыстарына жұмылды. Оның бастамасымен өткен бұл игі іс ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен туған жерге деген жанашырлығын тағы бір мәрте көрсетті.
Ерекше атап өтерлігі, бұл күн «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымдағы алғашқы жұмыс күнімен тұспа-тұс келді. Жастар ауылды көркейту жұмыстарына белсене араласып, еңбекқорлық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін танытты.
Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Бірлік пен ынтымақтың арқасында Талапкер ауылы күн сайын көркейіп, жайлы әрі таза мекенге айналып келеді.