60 секундтық қауіпсіздік: Судағы жүріс-тұрыс қағидалары

60 секундтық қауіпсіздік: Судағы жүріс-тұрыс қағидалары

ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:

  - балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің бақылауынсыз шомылуына жол бермеңіз;

  - бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері қойылған жерлерде шомылмаңыз;

  - мас күйде суға түспеңіз;

  - шомылу аумағын белгілейтін қалқымалардан асып жүзбеңіз;

  - шағын көлемді кемелер мен өзге де жүзу құралдарына жақындамаңыз;

  - тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгімеңіз;

  - жүзуге арналмаған заттармен суда жүзбеңіз.

  - қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, табиғи жартастардан, тастардан, қоршаулардан және осы мақсатқа арналмаған өзге де құрылыстардан суға секірмеңіз.

  Осы қарапайым қағидаларды сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

  Суға кетіп бара жатқан адам әрдайым көмекке шақырмайды

  Көпшілік арасында суға кетіп бара жатқан адам міндетті түрде айқайлап, қолын сермеп көмек сұрайды деген түсінік қалыптасқан. Алайда мамандардың айтуынша, бұл әрдайым шындыққа сәйкес келе бермейді.

  Шын мәнінде, суға кетіп бара жатқан адамның негізгі күші тыныс алуға жұмсалады. Сол себепті ол көп жағдайда айқайлап көмек шақыра алмайды. Мұндай кезде адам үнсіз түрде су бетінде арпалысып, сырт көзге жай ғана жүзіп жүргендей көрінуі мүмкін.

  Суға кетудің негізгі белгілеріне адамның басының суға қайта-қайта батып шығуы, бір орында қалқып тұруы, қозғалысының үйлеспеуі, сондай-ақ жағалауға қарай жүзе алмауы жатады. Осындай белгілер байқалған жағдайда дереу көмек көрсету немесе құтқарушыларға хабарлау қажет.

  Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет. Сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда!