
2026 жылғы 14 маусымда Целиноград ауданында Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.
Алдағы сайлауға дайындық аясында Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау округіндегі барлық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған көшпелі семинар-кеңес ұйымдастырды. Іс-шараға Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясы да қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес дауыс беру күні сайлау комиссияларының іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қажетті әдістемелік түсіндірмелер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Іс-шара соңында сайлауды ұйымдастырушылар пікір алмасып, сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.