Целиноград ауданы әкімі тұрғындармен есептік кездесулер өткізді

Целиноград ауданы әкімі тұрғындармен есептік кездесулер өткізді

2026 жылғы 2 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали Қызылсуат, Қабанбай және Рахымжан Қошқарбаев ауылдарының тұрғындарымен есептік кездесулер өткізді.

Есептік кездесулердің басты мақсаты – халықпен ашық диалог орнату, өзекті мәселелерді жаң-жақты талқылау және ауылдық округтердің алдағы даму бағыттарын бірлесіп айқындау.

Кездесулер барысында тұрғындар жол инфрақұрылымын дамыту, елді мекендерді абаттандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көшелерді жарықтандыру, ауыз сумен, электр энергиясымен және табиғи газбен қамтамасыз ету, байланыс сапасын жақсарту, қаңғыбас иттер мәселесін реттеу бағытындағы түйткілдерді көтерді.

Аудан әкімі Дарын Сабырғали көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер беріп, олардың шешілу барысы мен алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар жөнінде ақпарат ұсынды. Салалық бөлімдер мен мекемелердің басшылары өз құзыреттері аясында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына қатысты пікір білдірді.  Жиын барысында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу және келісу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны хабарланды. Сондай-ақ көтерілген мәселелерді шешу бюджет мүмкіндіктеріне сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны жеткізілді.

Кездесулер ашық форматта өтіп, тұрғындар өз пікірлері мен ұсыныстарын еркін білдірді. Түскен өтініштер мен көтерілген мәселелер бақылау ведомосына енгізіліп, олардың орындалуы жауапты мекемелердің бақылауына алынды.