Балалардың шат күлкісі – ауылдың ажары, ел болашағының жарқын үні!

Балалардың шат күлкісі – ауылдың ажары, ел болашағының жарқын үні!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Целиноград ауданының Тасбулақ және Нұресіл ауылдарында заманауи спорттық және ойын алаңдары ел игілігіне табысталды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлы қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтады. Өз сөзінде балалардың жан-жақты дамуына, спортпен шұғылданып, қауіпсіз әрі жайлы ортада өсуіне жағдай жасау мемлекет назарындағы маңызды міндет екенін атап өтті.

Жаңа алаңдар – тек ойын ойнайтын немесе спортпен айналысатын орын ғана емес. Бұл – балалар арманына қанат бітіретін, достық пен белсенді өмір салтын қалыптастыратын, ауыл тұрғындарын біріктіретін орта.

Бүгінгі қуаныш – ертеңгі жарқын болашаққа жасалған нақты қадам. Балалардың күлкісі үзілмей, ауылдарымыз көркейіп, әр шаңыраққа шаттық пен береке тола берсін!