
Целиноград ауданында бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды кезекті жеке қабылдау өткізілді. Дарын Сабырғалиұлы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тікелей тыңдап, олардың заң аясында шешілу жолдарын қарастырды.
Бұл жолғы қабылдауға Қараөткел ауылдық округі мен Ыбырай Алтынсарин ауылының тұрғындары қатысты. Кездесу барысында ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру, автомобиль жолдарын жөндеу, сондай-ақ жер қатынастары мен жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану сияқты өзекті мәселелер көтерілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша аудан әкімі көтерілген әрбір мәселені егжей-тегжейлі талдап, тиісті түсініктемелер берді. Мәселелерді жедел әрі сапалы шешу мақсатында салалық бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Барлық өтініштердің орындалу барысы аудан әкімінің жеке бақылауына алынды